Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде республикалық маңызы бар тас жолдардың 20-ға жуық учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тас жолдардың 20-ға жуық учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол зима

QazAvtoJol таратқан ақпаратқа сүйенсек, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, көктайғақ) 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

Ақмола облысында - 2 учаске

- "Екатеринбург - Алматы" 1292-1353 км. Жібек жолы ААП - Қарағанды обл. шек. дейін – 61 км.

- "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 31-51 км. Қабанбай батыр ауылынан - Қарағанды обл. шек. дейін – 20 км.

Жетісу облысында - 1 учаске

- “Үшарал-Достық" 84-184 км. ст.Көктұма - ст.Достық – 100 км.

Қарағанды облысында - 11 учаске

"Екатеринбург - Алматы" 1505-1610 км. Новостройка ауылынан - Ақсу-Аюлы ауылына дейін – 105 км.

- "Екатеринбург – Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 км. Пришахтинск
ауылынан - Новостройка ауылына дейін – 16 км.

- "Екатеринбург - Алматы" 1353-1426 км. Ақмола обл. шек. - Теміртау ААП – 73 км.

- "Қызылорда-Павлодар" 788-906 км. Ұлытау обл.шек. - Топар ауылына дейін – 118 км.

- "Қызылорда-Павлодар" 960-1135 км. Қарағанды қ. - Павлодар обл. шек. – 175 км.

- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара" 324-231 км. Ботақара а. - Павлодар обл. шек. – 93 км.

- "Бастау-Ақтау-Теміртау" 0-53, км. Бастау а. - Теміртау қ. – 53 км.

- "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 км. Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. – 200 км.

- "Екатеринбург- Алматы" 1610-1854 км. Ақсу-Аюлы а. - Балқаш қ. – 244 км.

- "Екатеринбург- Алматы" 1445-1459 км. Қарағанды қ. - Теміртау қ. – 14 км.

- "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 51-266 км. Ақмола обл.шек. – Теміртау қ. – 215 км.

Павлодар облысында - 2 учаске

- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара"  137-231 км. Баянауыл а. - Қарағанды обл. шек. – 94 км.

- "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 км. Қарағанды обл. шек. - Шідерті а. – 71 км.

Ұлытау обласында - 1 учаске

- "Қызылорда-Павлодар" 756-788 км. Атасу а. - Қарағанды обл. шек. – 32 км.

“1403 колл-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді”, – делінген хабарламада.

Талқылау