Мамырдағы мерекелерде ХҚКО қалай жұмыс істейді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мамыр мерекелері кезіндегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1, 7 және 9 мамырда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде кезекшілік пункттері жабық болады.
Кезекшілік пункттері 2 және 11 мамырда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ашық.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл күндері сағат 12:00-ге дейін өтініштерді қабылдайды және дайын құжаттарды сағат 13:00-ге дейін береді.
Еске салсақ, мамырда қазақстандықтар жарты айға жуық демалатыны айтылды.
Оқыңыз