Белгілі қоғам қайраткері Бақыт Түменова өмірден өтті

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бақыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түменованың өлімі туралы мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақашасында хабарлады.
“Бақыт апай Түменова қайтыс болды деген хабар жетті. Иманың саламат болсын, Алтын Адам! Жарқын бейнеңіз жүрегіміз соңғы соғысына дейін сақталады”, – деп жазды депутат.
Айта кетейік, Бақыт Түменова 1948 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын "педиатрия" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол Семей қаласындағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер болып жұмыс істеп, кейін облыстық денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ 1990-жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басында Семей облысының ішкі саясат бөлімін басқарып, кейін Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Мемлекеттік қызметтен кейін саяси және қоғамдық жұмыстарға араласты. Бірқатар саяси партиялардың басшылық құрамында болған.
2007 жылдан өмірінің соңына дейін "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті қызметін атқарды.
Оқыңыз