Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұнай бағасы соңғы төрт жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Мұнай нарық баға
Фото: magnific.com

Мұнай бағасы Иран порттары жабылып қалғандықтан соңғы төрт жылда ең жоғары деңгейге жетті. Инвесторлар Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімінде ұзақ үзілістер болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Brent мұнайының бағасы 7%-дан астам өсіп, бір баррелі 119 доллардан асты.

Халықаралық нарықтағы бұл күрт өсімге АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның Ормуз бұғазы арқылы тасымалды қайта жандандыру туралы ұсынысынан бас тартуы және ядролық келіссөздерді кейінге шегерілуі себеп болды. 

“Дональд Трамп мәлімдеуінше, Иранға қарсы теңіз блокадасы Тегеран АҚШ-тың оның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылығын жоятын келісімге келіскенге дейін күшінде қалады”, – деп жазды Axios.

Американың АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қарсы қысқа, бірақ күшті әуе соққыларының жоспарын дайындағаны туралы ақпараттан соң нарықтық қауіптер күшейді. 

Алайда Дональд Трамп әзірге әскери әрекет бастау туралы бұйрық бермеген.

Бұған дейін мұнай мен доллар бағасы құбылып тұрған шақта сарапшылар Иран мен АҚШ келіссөзінің Қазақстанға әсері туралы айтқан еді. 

“Егер олар консенсусқа келіп, бейбітшілік туралы келісімге қол қойса, бағалар төмендейді деп үміттенеміз. Иран мен Сауд Арабиясының, сондай-ақ басқа да Парсы шығанағы елдерінің мұнай өңдеу қуаты қазір жойылғандықтан, шикі мұнай бағасы күрт төмендейді. Барреліне 60 доллардан төмен", – деген еді экономист Марат Абдурахманов.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026 08:29