Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан кейін қандай жолдар ашылғаны хабарланды

Ақмола облысында ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар жолдар ашыла бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жол

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 1 қаңтарда сағат 22:00-ден бастап республикалық маңызы бар Көкшетау – Атбасар жолының кентінен 47-120 шақырым аралығындағы Зеренді Максимовка ауылына дейін учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық.

Сондай-ақ сағат 23:30-да Максимовка ауылынан Атбасарға дейінгі 120-184 шақырымдағы Көкшетау – Атбасар республикалық жолының учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды.

2 қаңтарда таңғы сағат 07:30-дан бастап республикалық маңызы бар Астана – Петропавл жолының Астанадан Щучьеге дейінгі 18-234-шақырымдағы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашық.



Сонымен қоса сағат 09-45 аралығында ауа райының жақсаруына байланысты Ақмола облысының аудандық маңызы бар жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашық:

- "Жолымбет-Шортанды-Пригородное" 0-116,4 шақырым;

- "Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минский" 55-200,3 шақырым;

- "Азат-Степногорск" 0-41 шақырым;

- "Жалтыр-Макинск" 38-122,6 шақырым;

- "Щучинск-Степняк-Уәлиханов" 25-124,5 шақырым;

- "Степняк-Макинск" 0-14,8 шақырым;

- “Щучинск-Степняк-Уәлиханов" 0-25 шақырым;

- "Жалтыр-Макинск" 0-38 шақырым;

- "Новочеркасск-Егіндікөл-Жантеке" 0-43 шақырым;

- "Егіндікөл-Жолаң" 0-61,3 шақырым;

- "Новочеркасск-Егіндікөл-Жантеке" 43-119,2 шақырым;

- "Балкашино-Шантөбе" 0-56 шақырымда;

- "Петровка-Острогорка-Мариновка" 0-108 шақырым;

-"Көкшетау-Атбасар-Веселое"  0-24 шақырым аралығында.

Талқылау