Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

85 мың теңгеге өмір сүре алатын вице-министр, кабинетінен ішімдік табылған әкім: 2023 жылы қай шенеунік көптің сынына ұшырады

2023 жыл сынның астында қалған шенеуніктермен де есте қалды. Бірі дүкенде шу шығарса, енді бірі журналистен қашты. Ал бірінің кабинетінен ішімдік табылып, желіде қызу талқыға түсті. Stan.kz тілшісі даулы мәлімдемелерімен сынға ұшыраған шенеуніктер тізімін дайындады.

шенеуніктер

Кабинетінен ішімдік табылған әкім 

Журналист Асхат Ниязов Степногорск қаласынан репортаж дайындап, әкіммен кездескен. Қала басшысы Алпысбай Қайыржановтың кабинетіне барған журналист тоңазытқышты ашып көреді. Журналист тоңазытқышта арақтың бөтелкесін көрген әрі ол толып тұр дейді. Бірақ әкім мұны жоққа шығарды. "Бөтелке бос" деген Қайыржанов сөзін дәлелдеу үшін бөтелкені шығарып, камераға көрсетуден бас тартты. 

әкім

Сұхбаттан соң сынға қалған Даниал Ахметов 

Асхат Ниязовқа сұхбат берген Даниал Ахметов те желіде көптің сынына қалды. Бұған экс-әкімнің журналистің сұрақтарына берген жауабы мен сұхбат алдындағы бірқатар оқиғалар себеп болды. 

Мәселен, Асхат Ниязов бастапқыда Даниал Ахметовпен кездесе алмай жүргенін айтып, видео жариялады. Кейін ШҚО басшысымен жүздескен Ниязов сұхбатқа келісім алады. Бірақ Риддер қаласына барған соң бірнеше жергілікті тұрғын журналистің қыр соңына түсіп, түрлі балағат сөздер айтты. Асхат Ниязовтің сөзінше, бұл адамдарды Даниал Ахметов әдейі жіберуі мүмкін.  

Даниал АхметовКөп ұзамай Даниал Ахметов брифинг кезінде бұған дейін айтылып келген жеке тікұшақтарға қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ тікұшақпен қатынау үшін неліктен қыруар қаржы бөлінетінін айтты. Әкімнің пайымдауынша, мұндай тікұшақтар тек ШҚО әкімдігінде бар әрі қазіргі таңда ескірген. Сондықтан жөндеу жұмыстарына да айтарлық сома қажет. 

Түнде дүкенде шу шығарған ауыл әкімі 

2023 жылы көптің сынына қалғандардың қатарында Қостанай облысындағы Новоильинов ауылының әкімі де бар. Сатушыға балағат сөздер айтқан ол түнгі уақытта ішімдік сатуын талап еткен. Оның бұл әрекеті дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалып, кейін желіде қызу талқыға түсті. 

әкім боқтағанКөп ұзамай бұл жағдайға қатысты этика бойынша кеңес алдында жауап берген мемлекеттік қызметкер сатушының өзіне дөрекі сөйлегенін, бұдан соң эмоциясына ерік бергенін мәлімдеді. Сондай-ақ жұбайымен әңгімеден кейін көңіл күйі болмағанын жеткізді.

Журналиске жауап беруден жалтарған Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев Асхат Ниязовқа сұхбат беруден бас тартып, мұның себебін журналистің Астанада тұруымен байланыстырды. 

досаев

"Асхат, егер сіз Алматыда тұрғаныңызда, сізге сұхбат берер едім. Бірақ сіз астаналықсыз. Алматыға көшіп келіңіз, сосын сұрақтарыңыздың барлығына жауап беремін", – деді ол.

"Өмір деген – жизнь"

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер сауалына жауап берген Руслан Жақсылықов әскердегі әлімжеттік туралы сөз қозғады. Бірақ оның сөз арасында қолданған тіркестері көптің талқысына түсті. 

"Өмір деген жизнь. Өмірде түрлі жағдай болады, адамдар ештеңеден сақтандырылмаған. Бірақ Қарулы күштердің басшылығы жағымсыз жағдайларды жою үшін барлығын істеп жатыр", – деді Жақсылықов. 

"85 мың теңгемен 1 ай өмір сүруге болады"

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев әр адам 85 мың теңгемен 1 ай өмір сүре алады деп айтып, көптің сынына қалды. 

олжас"85 мың теңгемен өмір сүруге болады, бірақ әр салада еңбек ақысын өсіру керек. Қазір бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деді Ордабаев. 

Көптің сынынан соң Ордабаев неліктен бұлай айтқанын түсіндірді. Айтуынша, ол әр адам 85 мың теңгемен күн көруі керек деп айтпаған. Керісінше, жұмыс берушілер бұдан төмен жалақы белгілей алмайды. Бұл экономикалық көрсеткіштердің бірі екен. 

Интернет жылдамдығы туралы айтқан Мусин 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда ғаламтордың дамығанын айтып, тіпті интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып өзғанын хабарлаған. 

мусин"Speedtest" рейтингінің дерегіне сүйенейікші, бәріңіз оны қолданып жүрсіздер ғой. "Speedtest" халықаралық рейтингі Астананың 35-орынға жоғары шыққанын айтып отыр. Біз 35 қаланы басып оздық. Тіпті Токионы басып оздық. Бұл рейтингіні мен құрған жоқпын ғой", – деді министр.

Бірақ қазақстандықтар Жапонияда интернет жылдамдығын өлшеп, министрдің сөзін жоққа шығарды. Тіпті кейбірі ауылдарда әоі интернеттің жоғын алға тартты. 

6 айда қазақ тілін үйренуге Алмасадам Сатқалиев

Энергетика министрі болып тағайындалған Алмасадам Сатқалиев қазақ тілін білмейтіні үшін бірнеше рет сынға ұшыраған. Ал мәжіліс отырысында Бақытжан Базарбек министрге ескерту жасаған еді. Тіпті журналистердің сауалына жауап беру кезінде энергетика министрі 6 айда қазақ тілін үйренуге уәде берді. 

Сатқалиев“Ана тілімді білемін, бірақ тілді білу деңгейімді көтеру керек. Маған жарты жыл беріңіз, мен қазақша барлық сұраққа жауап беремін. Сапалы болғанша, мен орысша жауап беремін", – деді Сатқалиев.

Дегенмен жыл соңында министрдің бұл уәдесін еске салған журналистің сұрағына Алмасадам Сатқалиев мүлде жауап бермей қойды. 

“Алаяқтардың 80%-ы намазхандар” деген Ринат Зайытов

Адырна порталының YouTube-арнасына сұхбат берген мәжілісмен Ринат Зайытов мектептегі хиджаб және елдегі дін мәселесі туралы айта келе алаяқтық жасайтындардың көбі намаз оқитындар екенін айтқан. 

“Мен сізге факт айтайын. Қазақстанда жасалып жатқан алаяқтықтардың 80 пайызын жасап отырған қауым –намаз оқитындар. Өтірік десе, бетіме бассын. Тіпті қарапайым базарға барыңыз, басқа жерге барыңыз, “Алла” деп тұрып адам алдап жатыр. Онда жанашыр адамдар осыны түзетсін”, – дейді Ринат Зайытов. 

Ринат ЗайытовЗайытовтың бұл мәлімдемесі желіде қызу талқыға түсті. Елге белгілі тұлғалардың көбі Ринатқа қарсы шығып, наразылық білдірген. Көп ұзамай Зайытовтың өзі кешірім сұрады. 

“Бәріне бірдей бір ғана жауабым бар. Қадірлі ағайын, мен де өздеріңіз сияқты көп пенденің бірімін. Ешкімнен тығылып, ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Қандай да бір айтарларыңыз болса, жауабын беруге дайынмын. Бар арманым елімнің дұрыс өмір сүргенін, отанымның гүлденгенін көру ғана. Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын! Өйткені оған себеп көріп тұрған жоқпын. Әлеуметтік желі шулады екен деп, дірілдейтін қорқақтарың мен емес. Алға қойған нақты мақсатым мен жоспарым бар. Сол жұмыстарды бітіруім керек. Мәжіліс мінберінен халыққа берген антым бар. Берілген мерзім бес жыл. Сол бес жылымды халықтың мүддесін қорғауға арнаймын. Басқасы бір жаратқанның құзырында. Түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын”, –деп жазды ол. 

Талқылау