Қарағанды облысында отандық және шетелдік жұмысшылар төбелесті: Полиция мәлімдеме жасады
Қарағанды облысындағы қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасында болған келіспеушілікке байланысты аталған өңірдің полиция департаменті мәлімдеді жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қақтығыс 12 тамыз күні Қарағанды облысының Жәйрем ауылында комбинат жұмысшылары арасында тұрмыстық себепке байланысты болған. Барысында қатысушылар кішігірім жарақат алды.
«Осы фактіге сәйкес, ҚР ҚК 293-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу органдары болған жағдайдың мән-жайын анықтайтын болады. Қазіргі сәтте Жәйрем ауылындағы жағдай тұрақты, полиция бәрін бақылауда ұстап отыр. Заң талабына байланысты, басқа ақпаратты жария ете алмаймыз», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жанжалдың себебі де айтылмады.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қарағанды облысының комбинатында отандық және шетелдік жұмысшылардың төбелескені туралы хабарлаған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады