Қарағанды облысында ормандағы жалыннан өрт сөндіру көлігі жанып кетті
Қарағанды облысының Бұқаржырау ауданында ормандағы жалынды сөндіру кезінде өрт сөндіру көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Вечерняя Караганда” телеграм арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше Белағаш орман шаруашылығының аумағында жалпы аумағы 20 гектар орман және дала өртке оранған.
“Қазір жалын ауыздықталды. Бірақ өртті сөндіру кезінде құтқарушылар арнайы көліктен айырылды. Ол толығымен жанып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ”,- деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан