Қарағандыда ер адамды ара шағып, ол жол апатына ұшырады
Қарағандылық ер адам жәндіктің кесірінен жол апатына ұшырады. Оқиға бүгін таңғы сағат 11 шамасында Н. Әбдіров даңғылында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, джип кенеттен жолдан шығып, ағашқа барып соғылған. Адамдар жүргізушінің жүрегі ұстап, есінен танды деп болжады. Алайда шын мәнінде оқиғаға жәндік кінәлі болып шықты.
Полицияның хабарлауынша, жүргізушіні ара шағып алған.
Қазіргі уақытта 65 жастағы ер адам ауруханада жатыр. Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан