Қарағанды облысында ауыл мешіті өртеніп кетті
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан мешіттердің бірінде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Қарағанды облысының Томар ауылында жергілікті мешіттің ғимараты толығымен қирап қалды. Өрт өткен түнде ғимарат бос тұрған кезде тұтанған.
"Өрт ғимаратты тез шарпып, қою түтін алыстан көрінді", – делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенше өртті сөндіруге тырысқанымен, тілсіз жауды жеңе алмады. Бір жақсысы, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады