"Қара Бүркіт" колониясының жаңа басшысы тағайындалды
«Қара Бүркіт» колониясына жаңа басшы тағайындалды. Ол әділет подполковнигі Нұрбек Қабдікәрімов, деп хабарлайды Қостанай облысы бойынша ДББЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрбек Төлеубекұлы 1982 жылы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Ол құқық қорғау органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы атқарған қызметі Қостанай тергеу изоляторы басшысының орынбасары.
Өмір бойына сотталған сотталушылар жазасын өтеп жатқан УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысын тағайындау Қостанай облысы бойынша ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі Бауыржан Оразалиннің жұмыс сапары кезінде болды.
Жеке құраммен кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу соңында басшылық қызметкерлерге Жаңа жылмен құттықтап, жемісті еңбек тіледі.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?