Қар суы ағатын каналға батып кеткен: Қарағандыда 9 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда нөсер арығында батып кеткен 9 жасар баланың өліміне қатысты іс қайта қаралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қарағандыдағы нөсер каналында 9 жасар баланың қаза болу фактісі бойынша тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызмет көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 3 сәуірде Қарағандыда ойнап жүрген бала ашық арыққа батып кеткен болатын. Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі үйдің жанында болды. Хабарлама бойынша жеткен құтқарушылар 2012 жылы туған баланың денесін алып шықты.