"Қар мен жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет мамандары еліміз бойынша 27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Деректерге сай, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет pixabay-дан
Синоптиктер атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын айтты. Еліміздің басым бөлігінде, қар мен жауын жауады.
Солтүстік және шығыс облыстарда боран соғады. Оңтүстік аймақта қар аралас жаңбыр, 29 қаңтарда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады. Демалыс күндері температура фонында айтарлықтай өзгерістер болжанбады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар