Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар аралас жаңбыр жауып, найзағай болады": Алдағы демалыс күндері ел аймақтарында қандай ауа райы болжанды

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша алдағы 27-29 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сай ел аймақтарында тұрақсыз ауа-райы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pixabay

Синоптиктердің мәліметінше, 27 сәуірде еліміздің басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Яғни жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ал 28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 28 сәуірде оңтүстікте, 29 сәуірде солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ пен қатты жауын болады. 29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.



Температуралық фонға келетін болсақ, күндізгі температураның біртіндеп жоғарылайтыны байқалады. Алайда 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында термометрлер -1-8 градус аязға дейін жетеді.

Талқылау