Қаңтардағы қақтығыс: Алматыда тағы да сегіз адам бостандыққа шықты
Алматыдағы СИ-18 тергеу изоляторынан қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін қамалған тағы 8 адам босап шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олардың тізімін "Аманат" қоғамдық комиссиясының мүшесі Уайс Ерсайынұлы желідегі парақшасында жариялаған.
"Бүгін Алматыдағы "СИ-18" тергеу изоляторынан тағы 8 адам босатылды.
Олар:
1. Керімбек Ғ.
2. Ерзат Ө.
3. Рысбаев С.
4. Танкиш Е.
5. Жақсылық Ш.
6. Ахметов А.
7. Қарсыбаев Ж.
8. Тасжүреков Б.
Осымен қазірге дейін барлығы 50 адам біздің "Аманат" комиссиясының араласуымен бостандыққа жіберілді. Тағы бір адам — Тимур Ким кешке дейін босатылатын болды", – деп жазды Уайс Ерсайынұлы.
Уайс Ерсайынұлының айтуынша, тағы 6 адамның құжаттарын шығаруға дайындап жатыр.
Бұған дейін "Аманат" комиссиясының араласуымен Алматыда жазықсыз қамалған 36 адам, оның ішінде екі бала бостандыққа шықты.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген