Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаңтарда отбасын құрып, желтоқсанда сәбилі болдық": Ерке Есмахан халықты Жаңа жылмен құттықтады

Танымал әнші Ерке Есмахан ұлының бір айлық болғанын жеткізді. Өнер иесі жеке парақшасына отбасылық фотосын жүктеп, халықты Жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің айтуынша, биылғы жыл мүлдем өзгеше. 

“2023 жылдың қаңтары шаңырақ көтеруімізден басталып еді. Міне, 2023 жылдың желтоқсаны кішкентай періштемізді қолымызға ұстап, 1 айға толған мерекесін тойлаумен аяқталып жатыр.
Аллаға сансыз шүкір! 4-еу түгел болып, бұдан да көбейіп жылдан жылға аман-есен жете берейік”, – дейді әнші. 

Әншінің оқырмандары жылы лебіздерін білдіріп жатыр. “Жыл отбасы” атағын сендер иелендіңдер”, “2025 жылға бес адам болып кіріңдер”, “Алла бақытты нәсіп ете берсін", "Ең бақытты жанұя болыңыздар әрдайым!", "Шынайы бақыт, күлкі, жанұя барлығын бір картина жеткізіп тұр", "Аллам бар бақытын, берекесін үйіп-төгіп берсін! Қос құлындарыңыздың қызығын көріңіздер!!! Бақытты болыңыздар!!", "Барша қыздарға осындай бақ берсін!", "Саналы, салиқа ұрпақтарыңыз көп болсын", – деп тілек жаудырғандардың қатары көп. 

 

Талқылау