AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленіскенін қалаған - Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылардың мақсаты қандай болғанын айтты. Сөзінше, ұйымдастырушылар елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленіскенін қалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі. 

қаңтар

"Қайғылы оқиғалар барысында көптеген азамат зардап шекті. Олардың бірқатары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен арандатушылардың ықпалына еріп, қылмыс жасауға барған. Нәтижесінде мемлекеттік органдардың 71 ғимараты, 700-ден астам автокөлік жойылып, зақымдалған. Оның ішінде жедел жәрдем, полиция және өртке қарсы қызметтердің көліктері де бар", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Мұхтар Қожаевтың дерегінше, 1,5 мыңнан астам бизнес нысаны зардап шекті. Оларға аса ірі мөлшерде шығын келтірілген.

"Ең өкініштісі – азаматтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері қаза тапты. Осы салдардың барлығы террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға айып ретінде тағылуы тиіс деп ойлаймыз, Себебі олар дәл осындай зардаптың болуын алдын-ала болжап білген. Сондай-ақ елдегі қалыпты қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісіп, тұрақсыздануын қалаған", – деді департамент бастығының орынбасары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр