Қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған әскерилер 3 миллион теңгеден алды
"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алғандарға өтемақы төледі. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры ауыр жарақат алған Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігі мен Республикалық гвардия қызметкерлеріне 3 миллион теңгеден төледі", – делінген хабарламада.
Өтемақы төлеу үшін тізімді күштік құрылымдар өздері дайындаған.
Бұған дейін қор 19 қаза тапқан азаматтың отбасына 7 миллион теңгеден, ауыр жараланған 106 жоғарыда аталған ведомство қызметкерлеріне 3 миллион теңгеден берілгенін мәлімдеген.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді