«Канело» Головкинді нокаутқа түсірудің ең ықтимал жолын атады
Әлемнің орта салмақтағы чемпионы, мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен бәсекесін нокаутпен аяқтауға бірнеше рет ант берді. Сөзінше, бұл өзінің әдеттегі соққысымен болуы да мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Жақында берген сұхбатында Головкинді нокаутқа түсіріп қана қоймай, оның денесіне зақым келтіру ықтималдығы туралы сұраққа Альварес сенімді түрде жауап берді.
"Бәрі де мүмкін! Бұл ең жақсы нысаналы соққыларымның бірі болмақ. Мен баспен, денемен жақсы жұмыс істеймін. Бірақ мақсатым - бұл жекпе-жекті 12-ші раундқа дейін аяқтау. Сондықтан маған не керек болса, рингте соны жасаймын. Біздің бокстасу стильіміз бұл жекпе-жекті тамаша етеді. Сондықтан жекпе-жек қызығарлықтай болады деп ойлаймын. Мен өсіп-жетілдім, өзімді сенімді сезінемін. Бұл біршама өзгеріс әкелуі мүмкін ",- деді Альварес.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған

