Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold белбеуінің иегері атанды

Алматыда өткен бокс кешінде Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын жеңіп, WBA Gold белбеуін иеленді. Бұл Қамшыбектің кәсіби рингтегі төртінші жеңісі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қоңқабаев

Қоңқабаев (3-0, 3 КО) пен Стивен Уорд (13-1, 4 КО) арасындағы кездесу бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Боксшылар WBA Gold нұсқасы бойынша белбеуді сарапқа салды. 


Қазақстандық боксшы Али Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді


Кездесу басында қос боксшы белсенділік танытпады. Тек бесінші раундта Қоңқабаев жойқын соққылары арқылы Уордты ринг ортасынан ығыстыруға тырысты. 

Жетінші раунда Стивен Уордтың қабағы жарылып, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Қоңқабаев жеңіске жетті. 

Бұл Қамшыбек Қоңқабаевтың Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы кездесуі болды. 

Аталмыш бокс кешінде қазастандық боксшы Сұлтан Заурбек (12-0, 8 КО) алтыншы раундта британиялық Райан Уилерді (16-2-1) нокаутпен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European белбеуін қорғады. 

Талқылау