Қазақстандық боксшы Али Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді
Екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Али Ахмедов кезекті жекпе-жегіне қол жеткізді. Ол қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Калифорния штаты, Монтабеллода өткен бокс кешінде отандасымыз мексикалық Пол Валенсуэламен жұдырықтасты.
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Алайда 1 раунда Ахмедов бірнеше жойқын соққы жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді.
Бұл Али Ахмедовтың кәсіби бокстағы 18 жеңісі болды. Оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған.
Айта кетейік, Ливерпульде желтоқсанның 11-нен 12-не қараған түні Фируза Шарипова әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тэйлормен кездесу өткізеді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген