Кәмшат Жолдыбаева стриптизші деген атқа қалды: Ол не деп жауап берді? (видео)
Кәмшат Жолдыбаева таяуда ғана дайындық залында билеген видеосын желіге жүктеп, оқырмандарының сынына қалған болатын. Инстаграмға салған роликтің астына жазылған жағымсыз сөздердің санында шек жоқ. Ғаламтор қолданушыларының басым бөлігі өнер иесінің киген киімін ашық-шашық деп айыптаған еді. Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне сұхбат берген Кәмшат жұрттың наразылығын тудырған бейнежазбаға қатысты жауап берді.
«Бұл зал, бұл би, бұл ыстық жер және қимыл-қозғалыс, терлеу. Сондықтан да ол жерде басқаша киінудің жөні жоқ деп ойлаймын. Және де айтарым, неліктен тырмысып, тырысып жатқан кезде еңбекті көрмейді?! Неге керісінше үстіңдегі киімдерді сынға салады? Мен ондай жақтарын түсінбеймін», – дейді Жолдыбаева.
Желідегілердің жазған сөзі сүйектен өтсе керек, Жолдыбаева санаулы сағаттардан кейін пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойған. Бірақ әлеуметтік желілердің бірінде бұл видео қайта жарияланды.
Nurshalievturar есімді желі қолданушысы: «Стриптизге тек трубка жетпей тұр ғой. Жалған әнші болғанша, шынайы «стриптезерша» болмай ма екен», – десе, «Секеңдеп билегенше, байға шыкпайсың ба», – дейді sake454 атты оқырман.
Ал, nur.janar аккаунтының иесі: «Мəні жоқ, мағынасы жоқ не би мынау? Дым жарасып тұрған жоқ», – деп әншіні сынап тастаған.
Бірақ көпшіліктің сынын орынсыз деп түйіндеген танымал әнші, оқырмандарына ойлау қабілеті мен сана-сезімін жетілдірсе деген сәлемін жолдады.
«Мен ойлаймын қазіргі таңда кішкене болсын ой-өрісті өсіріп, басқа жағынан сын айтып немесе баға берсе екен. Солай тырысқанын қалар едім. Менің оқырмандарыма айтарым осы. Яғни, тек қана киімге, ашық-шашық жерге жабысып қалмай, басқа да дүниелер бар ғой. Басқа жағын көріп, білсе екен деймін. Оның ішінде кәсіби өсу, қимыл-қозғалыстардың стилистикасы, тым болмаса менің дене сымбатыма баға бергенін қалар едім. Өйткені, оның барлығы еңбек. Сондықтан да бұл жай дүние емес. Әрине Алла Тағала барлығымызды жаратады, бірақ оны ары қарай алып кету, өз-өзіңді өрбіту, дамыту ол тек қана өзіңнің қолыңда. Ол үлкен уақытты және еңбекті талап етеді», – дейді әнші.
Қазіргі таңда Кәмшат кереғар пікірлерге бас қатырмайтын болған. Алдағы уақытта да түрлі видеоларды ғаламторға салып, жаттығу залындағы қызықтармен бөлісіп отыратынын жеткізді.
«Жалпы, билер ғаламторда ең көп қаралатын дүниелердің біріне жататынына көзім жетті. Соны түсіндім. Өйткені, басқа видеоларға қарағанда биді, қимыл-қозғалысты көрермендер көргенді жақсы көреді», – дейді Кәмшат.
Айта кетейік, Қазнет қолданушылары қызу талқыға салған видео Кәмшаттың репетуарындағы «Like баса бер» атты су жаңа әнге арналған би қойылымдары болатын. Жұлқына билеген Жолдыбаева бұл туындыны күні кеше Алматыда өткен «Star of Asia» фестивалінде шырқады.
Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.