Қалыңдық той көйлегіне нәрестені байлап, жүріп өтті
Қалыңдық той көйлегіне нәрестені байлап, неке қию рәсімінде жүріп өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Reddit әлеуметтік желісінің қолданушысы жариялады.
Бойжеткеннің сүйретілген көйлегінде жатқан оның қызын тойға жиналған қонақтардың барлығы байқаған, дегенмен олардың ешқайсысы нәрестенің көтеруді жөн көрмепті.
Желі қолданушылар бұл тірі сәби емес шығар деп жазыпты. Кейбіреулері бикештің қылығына наразы болыпты.
Үйлену тойы АҚШ-тың Теннеси аумағында 2014 жылы өткен көрінеді. Сол кезде қалыңдық балаға ешнәрсе болмағанын айтып ақталыпты. Өз сөзінде бойжеткен "Ғайса пайғамбар менің жағымда болды, сол себепті салтанатты шара сәтінде келеңсіз жағдай орын алмады" депті.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр