Қазақстанда блок-бекеттер орнатылады ма?
Карантин кезінде қазақстандықтарға жеке көліктерінде жүруге рұқсат етілетіні туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоғжановтың айтуы бойынша жеке көлігі бар тұрғындарға қалалар арасында қозғалыс рұқсат етілетін болды.
"Жеке көлік құралдарымен аймақтар арасында жүруге рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты шектелетін болады", - деді Тоғжанов ОКҚ брифингінде.
Сонымен қатар Тоғжанов қалалардың арасына блок-бекеттердің қойылмайтынын айтты.
"Қалалар арасында блок-бекеттер қойылмайды. Көлік қатынасы еркін болады", - дейді Тоғжанов.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күн ішінде келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
"Бір бала жансақтау бөлімінде": Ташкентке жарысқа барған 16 бала таңғы астан уланып, ауруханаға түсті
Балалардың жағдайы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған
Қазақстанды дүр сілкіндірген теракт: Жалғыз адам екі сағатта қалай бірнеше адамның өмірін қиды
2011 жылы 12 қарашадағы шабуыл аяқ астынан болмады