Jysan Bank әлеуметтік желілерде тараған суретке түсініктеме берді
Әлеуметтік желілердің "Jysan Bank" логотипін пайдаланып, азаматтарды осы банкке ауысуға шақырған сурет тарап жатыр. Банк өкілдері аталған жайтқа түсініктеме берді, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған суретте банк логотипімен қоса, "Бізге өтікіздер, біз істен шықпаймыз" деген жазу бар. Сонымен қатар, Kaspi Bank-тің белгісін көктасқа жазып қойған.
"Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Jy`san Bank атынан бейнесурет таратылуда-мыс. Біз банктің бұл бейнені жасауға және таратуға қытыспағанын ресми түрде мәлімдейміз. Кәсіптік этика мен бәсекелестікті бұзатын мұндай әрекеттерді қолдамаймыз", - деді банктің баспасөз қызметінде.
Банк өкілдері Kaspi Bank-тегі әріптестерінің қызметін тезірек қалпына келтіруіне тілектес екенін де жеткізді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған