Израильде қалып қойған қазақстандықтарды елге қайтаруға арналған ұшақ Алматыдан ұшып шықты
10 қазан сағат 08:00-де Air Astana әуекомпаниясының рейсі Алматыдан Тель-Авивке жол тартты. Рейс арқылы Израильде қалып кеткен қазақстандық азаматтарды алып келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кері рейс Алматыға жергілікті уақыт бойынша сағат 23:45 шамасында келеді.
Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстың күшеюі 7 қазанда таңертең басталды. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты. Air Astana қанша қазақстандық азамат елге қайта алмай қалғанын айтты. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр