Израильде Хамас шабуылынан қаза тапқандар саны 700-ге жетті
Палестина ислам қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Израильге жасаған тосын шабуылынан қаза тапқандар саны 700-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: livemint.com
Тағы бір ақпаратқа сәйкес, Газа секторында да жүздеген адам қаза тапты. Газадан Израильдің оңтүстік және орталық аймақтарына 3 мыңға жуық зымыран атылды.
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі Израиль кемінде 2243 адамның жараланғанын, оның 22-сі ауыр халде екенін хабарлады.
Израиль қорғаныс күштерінің логистикалық қолбасшылығы оңтүстік аймақтардың тұрғындарын үйден шықпауға шақырды.
Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең басталды. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады. Түрік оппозициясы мен Иран парламенті Израиль мен Палестинаның арасындағы әскери қақтығыста Палестинаны қолдады.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
