Израиль лаңкестерге өлім жазасын енгізбек
Израильде заңнама жөніндегі министрлер комитеті терроризм үшін сотталғандарға өлім жазасын енгізуді мақұлдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of Israel порталына сілтеме жасап.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әлеуметтік желіде Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирмен бірге Израильдің қауіпсіздігін нығайту үшін кез келген заңды әрекетке баратынын мәлімдеді.
"Біз террорларға қатты соққы беріп, елімізге тамырымызды терең жаю арқылы жауап қайтарамыз", – деді Нетаньяху.
Жақын арада заң жобасы Кнессеттің (парламент) қарауына жіберілмек.
Айта кетсек бұған дейін Беларусь билігі мемлекетке опасыздық жасағандар үшін өлім жазасын енгізбек болған еді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?