Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусь билігі мемлекетке опасыздық жасағандар үшін өлім жазасын енгізбек

Беларусь билігі мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасын енгізуді көздеп отыр. Тиісті норма Беларусь парламентінің Өкілдер палатасы бірінші оқылымда қабылдаған "Қылмыстық жауапкершілік туралы кодекстерге өзгерістер енгізу туралы" заң жобасында қамтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агееттігі БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Заң жобасында Беларусь Қылмыстық кодексінің 356-бабының 2-бөлігінің санкциясына мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы түріндегі ерекше жазалау шарасын қолдану мүмкіндігін көздейтін өзгертулер енгізу ұсынылады.

"Беларусь Қылмыстық кодексінің 360-бабы адамды диверсияға дайындық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін ескертумен толықтырылды,. Сондай-ақ Беларусь Республикасының қарулы күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, әскерилендірілген ұйымдарының беделін түсіретін көрінеу жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікті белгілеу мақсатында еліміздің Қылмыстық кодексіне толықтыру енгізілуде", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, мамыр айында Беларусь президенті Александр Лукашенко лаңкестік әрекетке оқталғаны үшін өлім жазасына кесу мүмкіндігі туралы заңға қол қойған болатын.

Талқылау