Израиль Газа секторындағы атысты тоқтатудың шартын жариялады
Израиль Газа cекторындағы атысты тек кепілге алынған адамдарды қайтарған жағдайда тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жергілікті және қысқа мерзімді гуманитарлық үзілістерге дайын екенін айтты.
ХАМАС пен Израиль кепілге алынған 80 еврейді тұтқындағыпалестиналық әйелдер мен жасөспірімдерге айырбастау мәселесін талқылап жатыр.
Бұған дейін Израиль сыртқы істер министрлігі ХАМАС жойылмайынша атыс тоқтамайтынын мәлімдеген еді. Ал араб елдері Израильдің Палестинаның барлық жерлерін оккупациялауын тоқтатуын талап етіп, Палестинаға тәуелсіздік беруін сұрады.
Еске салсақ, Израильдің ұлттық мұра министрі Амихай Элиягу жеңіс үшін Газа секторының бейбіт тұрғындары жоқ жеріне ядролық қаруды қолданудан тартынбайтынын айтты.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған