Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль министрі Газа секторына атом бомбасын тастауды ұсынды

Израильдің ұлттық мұра министрі Амихай Элиягу Газа секторының бейбіт тұрғындары жоқ жеріне ядролық қаруды қолдануды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Вести Израиль басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Коль ба-рама" радиостанциясына берген сұхбатында Израиль министрі "нацистерге гуманитарлық көмек берілмейтінін” мәлімдеді. Сол кезде “сонда не істейсіз, атом бомбасын тастайсыз ба?” деп сұрады.

"Бұл да бір нұсқа. Екіншісі – олар үшін шынымен не маңызды екенін тексеру...", – деді Элиягу.

Жүргізуші 240-тан астам кепілге алынған адамдар бар кезде қалай атом бомбасын қалай тастайтынын сұрады. 

"ХАМАС-ты кепілге алынғандарды қайтаруға көндіру керек. Соғыста шығынға дайын болу керек. Неліктен кепілге алынған адамдардың өмірі сарбаздардың өмірінен маңыздырақ?", – еді министр.

Оның айтуынша, ХАМАС содырлары өлімнен қорықпайды, сондықтан оларды қорқытатын басқа нәрсе табу керек. Ол, сондай-ақ, арабтарды Газадан шығаруға шақырды.

Министрдің бұл сөзі наразылық тудырды. Израиль премьер-министрі Элияхудың мәлімдемелерін жоққа шығарып, шындыққа жанаспайтынын түсіндірді. Министр үкімет отырыстарына қатысудан шеттетілді.

"Израиль ең жоғары моральдық стандарттарға сәйкес әрекет етеді, соғысқа қатысы жоқ адамдардың өліміне жол бермеу үшін халықаралық құқықты сақтайды. Біз жеңіске жеткенше осылай әрекет етеміз", – деді Нетаньяху.

Оппозиция жетекшісі Яир Лапид Элиягуны дереу жұмыстан шығаруға шақырды.

"Жауапсыз министрдің ессіз мәлімдемесі. Ол Израиль қоғамына зиян келтірді және халықаралық беделімізге нұқсан келтірді. Үкіметте экстремистердің болуы бізге және әскери мақсаттардың сәттілігіне қауіп төндіреді", – делінген Лапид мәлімдемесінде.

Кейінірек министр Элиягу сөздері "метафоралық" мәнде жазылғанын мәлімдеді. 

Талқылау