Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ХАМАС жойылмайынша атыс тоқтамайды": Израиль Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның қарары неге еленбей жатқанын түсіндірді

Астанада өткен брифинг барысында Израиль Сыртқы істер министрлігі бас директорының Еуразия және Балқан елдері бойынша орынбасары Симон Гальперин не үшін қақтығысты тоқтпай жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет ашық дереккөзден

Израиль Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, БҰҰ-ның атысты тоқтату туралы резолюциясы еленбей жатыр, себебі бұл әзірге мүмкін емес.

“Мен мұны анық әрі тіке айтайын. ХАМАС жойылмайынша атысты тоқтату мүмкін емес. Бізді құртуға ниеттенгендерге қарсы атысты тоқтату дұрыс емес. Олар бұл жерде болмауы керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Гальперин ХАМАСты жою кезінде Израиль бейбіт тұрғындардың зардап шекпеуі үшін барынша тырысатынын алға тартты.

“Біз бейбіт тұрғындардың кетуін бір аптадан астам күттік. Алайда ХАМАС бұған жол бермей отыр. Операция кезінде біз жоспарды мұқият таңдаймыз. Егер нысандарда балалар бар екенін білсек, бағытымызды өзгертеміз. Біз бейбіт тұрғындар құрбан болмауы үшін бар күшімізді салудамыз”, – деп қосты ол.

Еске салсақ, Хамас тобы Израильге жаппай ракеталық шабуыл жасаған еді. Кейін Хамастың жоғары лауазымды шенеунігі Гази Хамад бір айға жуық уақыт бойы ұстаған барлық кепілге алынғандарды босату бойынша "толық ымыраға келуге" дайын екенін  мәлімдеді.

Талқылау