Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль АҚШ-тың Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы өтінішінен бас тартты

Израиль билігі АҚШ-тың Газа секторындағы соғыс қимылдарын тоқтату жайлы өтінішінен бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден мен мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Тель-Авивке барған еді. 

"Жақында Тель-Авивке келген Джо Байден мен Энтони Блинкеннің бомбалауды тоқтата тұру туралы өтініштерін премьер-министр Нетаньяху мен Израиль әскери басшылығы қабылдамады", – дейді америкалық журналист Сеймур Херш.

Израиль басшылығының пікірінше, атысты тоқтату мен гуманитарлық үзіліс бомбалауды тоқтатып қоюмен тең дейді. Журналистің айтуынша, Израильде үзіліс тек қару-жарақты оқтау үшін ғана алынады. 

Бұған дейін Израиль ХАМАС туннельдеріне су толтыруды жоспарлаған. Сонымен қатар Израильдің ұлттық мұра министрі Амихай Элиягу Газа секторының бейбіт тұрғындары жоқ жеріне ядролық қаруды қолдануды ұсынды.

Талқылау