Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл тұрғыны итін төртінші қабаттан лақтырып жіберген

Петропавл қаласының тұрғыны итін төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ит

Оқиға 29 сәуір күні орын алған.  45 жастағы қала тұрғыны итін төртінші қабаттан лақтырып жіберген. Полицейлерге бұл фактіні Хименко көшесіндегі үйдің тұрғындары хабарлаған. Полиция қызметкерлері келгенде көп қабатты үйдің терезесінің алдында өліп жатқан итті анықтайды. Өкінішке орай, ветеринарлар көмекке келсе де, спаниель тұқымды итті құтқару мүмкін болмады.

"Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (жануарларға қатігездік жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Иттің иесі, әйелдің мас болғандығы анықталды. 1 маусымда Петропавл қаласының соты оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды, бұл 27 мың теңгеден асады. Үкім күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде айыппұл төленбеген жағдайда, айыппұл қоғамдық жұмысқа немесе қамауға алуға ауыстырылады", – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Еңбек Сембин.

Еске салайық, Атырау облысының тұрғыны итке қатыгездік танытқаны үшін жазаланған болатын. 

Талқылау