Қазақстандық Италияда вандализм үшін ұсталды: Ол өз есімін ежелгі тарихи қабырғаға жазған
Қазақстандық турист Италиядағы Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің ежелгі қабырғасында ALI сөзін жазғаны үшін ұсталды. Ер адамға залалды қалпына келтіру міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұражай кеңсесінің мәліметінше, қазақстандық азаматты сенбі күні таңертең қауіпсіздік қызметкерлері Цеев үйіндегі жеңіл сылаққа ALI әріптерін ойып салғаннан кейін ұстаған. Оқиға туралы саябақтың жанында орналасқан стационарлық карабинер постына хабарланған.
Деректерге сай, енді турист сәулет ескерткішіне келтірілген залалдың орнын толтыруы шарт. Залалдың нақты сомасы техникалық сараптама жүргізілгеннен кейін айтылады.
Цеев үйі – 1913-1914 жылдары қазылған соңғы самниттік кезеңдегі (б.з. д. II ғасыр) ежелгі тұрғын үйдің сирек кездесетін мысалдарының бірі. Сол себепті мұрайжадағы қабырғалардың өзі ерекше бақылауға алынған. Видеода мұражай көрсетілген.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"