"Ыстықтап кеттім": Әйел адам ұшақтың апатты есігін ашып жіберіп отырды (видео)
Қытайлық Xiamen Airlines әуе компаниясының жолаушысы ұшақта отырып апатты жағдайда ғана қолдануға болатын есікті ашып жіберді. Ол есікті ашардың алдында қатты ыстықтап кеттім деп шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жағдай Қытайдың Ланьчжоу қаласындағы Тяньхэ әуежайында болды. Бұл кезде ұшақ ұшуға дайындалып тұрған болатын. Стюардессалар апатты есіктің жанында отырған әйелге оны ашуға болмайтынын ескерткен. Алайда әйел адам қатты ыстықтап кеткенін, таза ауа жұтпаса болмайтынын айтып оны ашып жібереді.
Кадрлардан бұл жағдайға жолаушылардың қатты таңғалғанын көруге болады. Ал жолаушы болса есікті ашып қойып, самалдап отыр.
Экипаж мүшесі өз кезегінде бұл жағдай туралы полиция қызметкерлеріне хабарлап, кейін әйел адам рейстен түсірілді. Қытайда әуе кемесіне зиян келтіретін азаматтар 10-15 тәулікке қамалады.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды