Ыстықкөлде егде жастағы қазақстандықты көлік қағып кетті
Ыстықкөлдегі Комсомол ауылында 58 жастағы алматылық велосипедшіні көлік қағып, ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға16 шілдеде 7:40-та Балықчи–Ананьево–Қаракол тас жолына 97 шақырым жерде болған.
Комсомол ауылындағы Балықчи–Ананьево–Қаракол тас жолында 41 жастағы Lexus RX 330 жүргізушісі Nissan Micra көлігімен соқтығысып, рөлді басқара алмай, осы уақытта жол жиегінен өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен.
Алматы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.
Сараптама тағайындалған, жүргізушілердің мас немесе сау күйінде болғаны тексерілетін болады.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"