Испанияда алапат су тасқынының салдарынан 90-нан астам адам ажал құшты
Испанияның шығысы мен оңтүстігінде нөсер жауын салдарынан болған жойқын су тасқынынан 92 адам көз жұмды. Жергілікті билік табиғи апат кезінде құрбан болғандар көбейеді деп ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: BBC/EPA
Тас жолдарды су басып қалды. Тасқын су көпірлер мен көліктерді шайып кетті. Табиғи апат салдарынан Валенсия мен Мадрид арасындағы теміржол қатынасы үзілді. Малага маңында 300-ге жуық жолаушысы бар жүрдек пойыз рельстен шығып кеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау үшін қайықтар мен тікұшақтар жұмылдырылды. Әскерилер төтенше жағдайлар қызметіне көмекке жіберілді.
Ел билігі үш күндік аза тұту жариялап, зардап шеккен аудандардың тұрғындарына қажетті көмек көрсетуге уәде берді.
Метеорологтардың мәліметінше, нөсер жауын 31 қазанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін Испанияда қатты жаңбырдан су тасқыны болып, адамдар қаза тапқаны туралы жазған едік.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген