Испания марокколық мигранттар жаппай келген соң бөгет салуды бастады
Марокколық мигранттардың жаппай келуінен кейін Испания Сеута автономиялық қаласында қорғаныс бөгетін орнату жұмыстарын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
El País газетінің мәліметінше, қорғаныс жүйесінің негізгі бөлігі ұзындығы 500 метрлік үрлемелі бөгеттен тұрады. Оның су бетіндегі бөлігі 30–70 сантиметр биіктікке көтерілсе, су астындағы бөлігі бір метрге дейінгі тереңдікке түседі.
Бұдан бөлек, Испания Әскери-теңіз күштері ұсынған қалқымалы буйлар желісі орнатылады.
БАҚ мәліметінше, 30 шілдеде мыңдаған мигрант толқын бөгет орнатылған аймақты айналып өтіп, бір бөлігі жаяу, енді бірі жүзіп өту арқылы Мароккодан Сеутаға кірген.
Қала әкімшілігінің дерегіне сәйкес, Сеутаға шамамен 60 мың мигрант келген. Ал Испания Ішкі істер министрлігі олардың санын 50 мың адам деп бағалап отыр.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді