"Ішпейді, шекпейді, қоқысты төгеді": Махаббат Мүсілім Тәуекелдің отбасында қандай екенін айтты
Махаббат Мүсілім Тәуекелдің отбасымен таныстығы жайлы айтты. Ол актердің жары болудың қандай қиыншылығы бар екенін, Тәуекелдің отбасында қандай адам екенін әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz.
Махаббат Тәуекелдің анасы мен әпкесімен Қырғызстанға барар жолда танысыпты. Актер болашақ жарын демалысқа шақырған.
"Тәуекел оның отбасымен бірге Ыстықкөлге баруды ұсынды. Мен келістім. Олар маған келген кезде көлікте таныстық", – деп жазды Махаббат желідегі парақшасында.
Ал "Алматы кеші" бағдарламасына берген сұхбатында Махаббат Тәуекелдің отбасында қандай адам екенін айтты.
"Тәуекел үйде мүлдем басқа адам. Қамқор әке, күйеу, ұл. Отбасымен көбірек уақыт өткізуге тырысады. Бос уақыт табылса, тауға жиі барамыз. Бір жолы таңғы 5-те шықпақ болдық.
Тамақ талғамайды. Мен әзірлеген тағамдарды сүйіп жейді. Бешбармақ, лағман, палау. Отбасыға келгелі мен де тағам әзірлеу қабілетімді шыңдап келемін. Жаңа бірдеңе істеуге тырысамын. Тәттіні өте қатты ұнатады", – деп ағынан жарылды Махаббат.
Бұдан өзге, ол актердің жары болудың қандай қиыншылығы бар екенін айтты.
"Бір жақта қыдырып жүрсек, адамдар шақырып алады. Суретке түскісі келеді. Оған мән бермейтін де болдық", – дейді Махаббат.
Махаббаттың көзқарасындағы Тәуекел мінсіз күйеу. Ішпейді, шекпейді, азық-түлікке барып, үйдегі қоқысты төгеді. Сондай-ақ қаржыны өзі басқарады екен.
Талқылау