Ішкі істер министрлігі СҚО-дағы ауданда қарасора өсіруге төрт лицензия алды
Фото: pixabay.com
Ішкі істер министрлігі техникалық қарасора өндірісіне төрт лицензия алды. Енді ол Солтүстік Қазақстандағы Шоқан Уәлиханов ауданында өсіріледі. Бір компания өндіріске қызығушылық танытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Ал вице-министр Азат Сұлтановтың айтуынша, техникалық қарасорада THC (тетрагидроканнабинол) психоактивті заттың мөлшері өте төмен немесе мүлдем жоқ екенін алға тартты. Сонымен қатар егін мемлекеттік органдардың бақылауында болады.
"Өсіру барысында ішкі істер органдары тарапынан да бақылау жүргізіледі. Хаотикалық тәртіпте сынама алынады. Анықталған жағдайда жойылады. Тиісінше, өндірісті төрт мәрте бақылау мемлекет тарапынан болады", – деп нақтылады ол.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда қарасораның кейбір түрлерін өсіруге рұқсат беру ұсынылған еді.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда