Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда құлаған ұшақтан аман жолаушы қалмады

Иранның Тегеран қаласында апатқа ұшыраған ұшақтың барлық жолаушылары қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін "Халықаралық Украина әуежолы" ұшағында болған жолаушылардың қаза болғандығы айтылыпты. Бұл туралы Иранның жедел медициналық көмек көрсететін қызметтің басшысы Пирхоссейн Куливанд мәлімдеген болатын. Куливанд сонымен қатар апат орын алған аймаққа төтенше бригада жіберілгендігін айтқан. Бірақ ұшақтың жарылып, қалдықтарының әлі де өртеніп жатқындықтан құтқару жұмыстарына кедергі келіп жатқан көрінеді.  

Рейстерді бақылау  қызметі FlightRadar хабарлауынша, аталған ұшақ үш жылдан бері жұмыс атқарып келген. 

"Құтқарушылар тірі қалған адамдарды табатынына күмәнім бар. Тегеранға үш жедел құтқару тобы мен екі тікұшақ жіберілді", - деп мәлімдепті Куливанд. 

Сонымен қатар Иранның "Қызыл жарты ай" ұйымы ұшақ апатының суреттерімен бөлісті. Жарияланған суреттерде "Халықаралық Украина әуежолы" ұшағын жанып кеткен қалдықтары ғана көрінеді. 

Иранның авиация министрлігі құлаған ұшақтың ішінде болған ақпаратты толықтырды. Ирандық министрліктің өкілі Джаафар Заде ұшақта 167 жолаушы болғандығын мәлімдеді. Бұған дейін апатқа ұшыраған бортта 180 адам болды деп айтылған еді. 

Талқылау