Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирандық шахматшы Алматыдағы әлем чемпионатында хиджабсыз өнер көрсетті

Иранда бүкілхалықтық наразылықтар басталғаннан кейін шахматшы Сара Хадем де жарысқа хиджабсыз шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Khabarvarzeshi сайтына сілтеме жасап.

иран шахматшысы

Ирандық шахматшы Сара Хадем хиджаб кимей Алматыда өткен рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатына қатысты.
Иранның жаңалықтар агенттіктері Сара Хадемнің Алматыда жылдам шахмат пен блиц бойынша ФИДЕ әлем чемпионатында Ислам Республикасының қатаң дресс-кодын сақтамағанын хабарлады.

Иранның Khabarvarzeshi агенттігі өз жарияланымында Сара Хадем Алматыда өткен әлем чемпионатынан кейін Иранға орала ма деген сұрақ қойып отыр.

Алайда Хадем Instagram парақшасында турнирге қатысты ешқандай пікірлер мен түсініктемелер айтпады.

Сарасадат Хадемальшарие 1997 жылы туған. Fide әлемдік рейтингінде 804-ші орында. Ол 25-30 желтоқсанда Балуан Шолақ атындағы Алматы Спорт және мәдениет сарайында өтетін шахмат турнирінің қатысушысы.

Ирандағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін бірнеше спортшы халыққа жақтасатындарын көрсетіп, билікке қарсы шықты.

Талқылау