Иранда президентті жерлеу және еске алу рәсіміне жүз мыңдаған халық жиналған
Иранның президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Амир Абдоллахиянды жерлеу рәсімі Табризде өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mehr сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Mehr
Иран президентінің жерлеуіне жүз мыңдаған адам келген.
21 мамырда Шығыс Әзірбайжан провинциясында, Құм провинциясындағы қасиетті жерде және Тегерандағы ұлы мешітте қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті. 22 мамырда Тегеран университетінде жоғары шенді шетелдік қонақтардың қатысуымен тағы бір еске алу рәсімі өткен.
23 мамырда Раисидің денесі екінші жерлеу рәсімі үшін Оңтүстік Хорасан облысына жеткізіледі.
Рәсімде сөз сөйлеген Иранның ішкі істер министрі Ахмад Вахиди елдің "сүйікті және кішіпейіл президентінің мерт болуына байланысты аза тұтатынын" атап өтті.
Еске салсақ, Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Жағдайдан соң Тоқаев Иран президентінің қазасына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген