Иракта қыздардың неке жасын 9 жасқа дейін төмендету талқыланып жатыр
Иракта қыздардың некеге тұру жасын 15-тен 9 жасқа төмендетуді заңға енгізу туралы түзетулер талқылануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.az порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay
Ирак парламентінде бұл бастама шиит партиялары арасында қолдау табуда. Өзгерісті жақтаушылардың айтуынша бұл барлық мұсылмандар үшін міндетті деп саналатын шариғат нормаларына сай.
Алайда, сыншылар мұндай өзгерістер адам құқықтарының, әсіресе әйелдер мен балалар құқығының бұзылуына әкелуі мүмкін екенін ескертуде. Олар неке жасының төмендеуі қыздардың білім алу және толыққанды даму мүмкіндігінен айыратынын жеткізуде. Бұл балалар некесінің көбеюіне себеп болады.
Халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, сондай-ақ Ирактың құқық қорғаушылары бұл түзетулерге алаңдаушылық білдіруде. Олар Ирак үкіметін заң жобасын қайта қарауға және балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын сақтауға шақырады.
Иракта некеге тұру жасын төмендету мәселесі ішкі және халықаралық аренада белсенді пікірталас пен сын тудырады.