Ирак астанасында екі азамат базарда өздерін жарып жіберді
Ирак астанасы Бағдаттың орталығындағы базарда екі бірдей теракт орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ мәліметінше, терррористік шабуылды екі азамат ұйымдастырған. Олар өздерімен бірге бомба алып, халық көп шоғырланған аймақта жарып жіберген. Жарылыстың салдарынан 28 адам көз жұмып, тағы 70-тен астамы жарақат алды.
Мемлекеттің ішкі істер министрлігінің өкілі жарылыстың құрбандарының саны артуы мүмкін екенін жеткізіпті. Себебі зардап шеккендердің көбінің жағдайы хәл үстінде.
Қазір үкіметтік ғимараттар, елшілік пен халықаралық әуежай орналасқан қаланың бөлігі қоршауға алыныпты.
Бұл соңғы уақытта болған жойқын шабуылдардың бірі көрінеді. Қазіргі таңда ешбір террористік ұйым жауапкершілікт өз мойындарына алмаған.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”