Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Илин Олимпиада транслияциясын көрсете алмаған қазақстандық телеарналарға шүйлікті

Қазақстандық телеарналар ауыр атлет Зульфия Чиншанлоның Токио Олимпиадасындағы сайысын тікелей эфирде көрсетпейді. Бұл туралы белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

26 шілдеде Токиода өтетін Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қазақстандық Зульфия Чиншанло қатысады. Алайда оның өнерін ұлттық телеарналарда тікелей эфирде көрсетпеді.

Спортшы атап өткендей, Олимпиада орнына Qazaqstan телеарнасының көрермендері концерт пен музыкалық шоуларды көруге мәжбүр.

"Достар, біз Зульфия Чиншанлоның өнерін ендігі көре алмайтын шығармыз. Қазірдің өзінде чемпионат, Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Біз медаль аламыз деген үміт көп. Бірақ оның орнына біз ән-биді тамашалауға мәжбүрміз. Бұл жағдайды қалай сипаттауға болатынын білмедім. Басқа телеарнада жүзу жарысын көрсетіп жатыр, бірақ біздің спортшылар онда өнер көрсетпейді. Ал мұнда...", – дейді көңілі қалған Илья Ильин.

Талқылау