Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск Tesla компаниясы жасаған жүргізушісіз таксиді таныстырды (видео)

Кәсіпкер Илон Маск Warner Bros киностудиясында Tesla компаниясының екі жаңа өнімінің прототиптерін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: techcrunch.com

"We, Robot" деп аталатын іс-шарада Илон Маск компанияның соңғы жетістіктері – робот такси Cybercab және Robovan-ды көрсетті. Тіпті кәсіпкер сахнаға дейін осы робот таксимен келді.  



Илон Маск жаңа өнімдердің сатылымға қашан шығатынын айтты. 

"Мен кейде болжамдарға тым оптимистік көзқараспен қараймын. Өнімдер сатылымға 2026 немесе 2027 жылдары шығарылуы мүмкін. Жаңа өнімдер Техас пен Калифорниядағы Model 3 және Model Y иелеріне 2025 жылы қолжетімді болады", – деді ол.

Фото: techspot.com

Айта кетейік, робот таксидің педалі де, рулі де жоқ. Оның үстіне, онымен жүру қарапайым көлікке қарағанда он есе жеңіл. Cybercab лифтке ұқсайды, яғни бір түймені басасың да, қалған тірлікті робот таксиге қалдырасың.  

Илон Масктің сөзінше, көліктің құны 30 мың доллардан арзан.  

Айта кетейік, бұған дейін Bloomberg Billionaires Index мәліметтері бойынша, әлемдік миллиардерлер тізімінде бірінші орынды 235 миллиард доллар байлығымен бизнесмен Илон Маск иеленген еді. 

Талқылау