Илон Маск тағы да миллиардерлер тізімінде бірінші орынды иеленді
Bloomberg Billionaires Index мәліметтері бойынша, әлемдік миллиардерлер тізімінде бірінші орынды 235 миллиард доллар байлығымен бизнесмен Илон Маск иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: rg.ru
Үздік үштікті америкалық миллиардерлер иеленді. Екінші орында 193 миллиард доллар байлығымен кәсіпкер және Amazon иесі Джефф Безос тұр. Ал үшінші орынға 188 миллиард доллар байлығымен Марк Цукерберг жайғасты.
Бұған дейін үшінші орынға ие болған француздық бірнеше люкс брендтердің иесі Бернар Арно 184 миллиард доллар байлығымен төртінші орынды иеленді.
Тізімге сәйкес ресейлік кәсіпкер Владимир Потанин 31,2 миллиард доллар активтерімен 54-орында.
Сондай-ақ үздік жүздікке Леонид Михельскон, Вагит Аликперов, Алексей Мордашов, Владимир Лисин және Андрей Мельниченко кірді.
Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы Илон Маск планетаның ең бай адамы атағын алған еді. Tesla Inc басшысының байлығы бір жылда 92 миллиард долларға өскен.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан