Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск маймылға чип салып видео ойын ойнауды үйретті

Neuralink стартапы Илон Маск маймылдың миына нейроимплантатты сәтті енгізді. Осыдан соң эксперименталды жануар компьютерлік ойындар ойнай алды.

Бұл туралы миллиардердің өзі айтты, деп хабарлайды Bloomberg.

Маймылдың басына сымсыз имплант орнатылды. Примат өз ақылымен видео ойындар ойнай алады. Масктың айтуынша, жануар өзін жақсы сезінеді және бақытты күйде. 

Сондай-ақ, жүйе чип салынған бірнеше жануармен жұмыс істеуге қабілетті, мысалы, компьютерлік пинг-понг ойнайтын жануарларды атауға болады.

Маск шамамен бір айдан кейін приматтардың видео ойындар ойнаған видеосын көрсетемін деп уәде берді.

Айта кетейік, Илон Маск адамдарды чиптеу үшін жасалған арнайы құрылғыны ұсынған.

Жақында Илон Маск Марс үшін бүкіл дүние-мүлкін сатуға шешім қабылдады. Инженер мұндай қадам Марста автономды қала салу ниетінің маңыздылығын күшейтеді деп санайды.

Талқылау